Accessibility links

Киев пен Вашингтон стратегиялық қарым-қатынасын сақтайды


Украина АҚШ-ты қандай жағдайда да екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік қарым-қатынасты сақтауға шақырады.

Украина президентінің сыртқы саясат бойынша кеңесшісі Андрей Фиалко мәлімдегендей, украин лидері Виктор Януковичтің АҚШ президенті Барак Обамаға арнаған жолдауында дәл осылай делінеді.

Вашингтондағы Брукингс институтында сөйлеген сөзінде Фиалко президент хатынан «екі жақты қарым-қатынастың биік деңгейін кез-келген геосаяси және ішкі саяси ахуал кезінде төмен түсірмеу керек» деген тұсынан үзінді келтірді.

АҚШ-тың көптеген саясаткері өткен ақпан айында Янукович билік басына келісімен Киев пен Мәскеудің жақын байланысына алаңдаушылық білдірген болатын.
XS
SM
MD
LG