Accessibility links

Медведев: Эстемированы өлтірген киллер анықталды


Ресей президенті Дмитрий Медведев шешенстандық адам құқығын қорғаушы Наталья Эстемированы өлтірген адам анықталды деп мәлімдеді.

Ресей басшысының айтуынша, тапсырысты жүзеге асырған киллерге халықаралық іздеу жарияланды. Бұған қоса Медведев қазіргі таңда «аса ауыр қылмыс бойынша тапсырыс берушіні анықтау жұмыстары жүріп жатыр» деп атап көрсетті.

Адам құқығын қорғаушы Наталья Эстемированың қастандық әрекеттен қаза тапқанына бүгін бір жыл болды. Адам құқығын қорғаушылар мен Эстемированың туған-туыстары қылмыстық тергеу барысына көңілдері толмайтындықтарын білдірді.

«Мемориал» орталығының қызметкері Эстемированы өткен жылы шілденің 15-і күні Грозныйда ұрлап алып кетті, сол күні оның өлі денесі Ингушетиядан табылды.
XS
SM
MD
LG