Accessibility links

Пәкістан мен Ауғанстанда су тасқыны 800-ден аса адамның өмірін әкетті


Су тасқынынан 800-ден аса адамның өмірі қиылған Пәкістан мен Ауғанстанда құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. БҰҰ-ы аймақта жаңбырдың толастамай жаууынан болған су тасқынынан 1 миллион адам зардап шекті деді.

Құтқару мен көмектесу шараларын жүргізіп жатқан пәкістандық армия су басқан аймақтан 19 мың адамды шығарғандарын айтты. Әскери күштердің өкілі генерал-майор Атхар Аббас су тасқыны көптеген жерді шайып кеткенін, ондағы шығындар туралы мәліметтер әзірге түспегенін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG