Accessibility links

Ресей мен Армения әскери базаны қалдыру мерзімін ұзартты


Бүгін Ресей мен Армения ресейлік күштерді Арменияда ұзағырақ қалдыратын келісімге қол жеткізді.

Бұл құжатқа Ереванда Ресей президенті Дмитрий Медведев пен Армения президенті Серж Саргсян қол қойды. Келісім бойынша Арменияда Ресейдің әскери базасы 2020 жылдан 2044 жылға дейін қалатын болады.

Сонымен қатар Ресей Арменияны бүгінгі заманға сай қару-жарақ пен әскери жабдықтармен қамтамасыз етеді.
XS
SM
MD
LG