Accessibility links

Манила іргесінде 4 мың адам баспанасыз қалды


Филиппин астанасы – Маниланың іргесінде ірі өрттің салдарынан 4 мыңнан астам адам баспанасыз қалды.

Қаза болған немесе жарақат алғандар туралы мәлімет жоқ. Баспанасыз қалғандар көшірілді.

Жұмаға қараған түні Манила іргесіндегі Навотас қалашығындағы кедейлер кварталында 1 мыңға жуық баспана-үй өртеніп кетті.

Бастапқы жорамалға қарағанда, өрттің шығуына газ шамның төңкерілуі себеп болыпты.
XS
SM
MD
LG