Accessibility links

Пәкістанда әуе соққысынан ондаған адам қаза тапты


Пәкістанның қауіпсіздік күштері Ауғанстанмен шекаралас Хибер аймағында жасырынып жүрген бүлікшілерге қарсы әуе соққысынан бірнеше адам қаза тапқанын айтып отыр.

Хабарларға қарағанда, құрбан болған арасында бейбіт тұрғындар бар. Пәкістан әскерінің өкілдері Тира жазығындағы әуе шабуылынан 55-тен аса адам қаза болды деді. Оның қаншасы бейбіт халық екені айтылмады.

Пәкістан күштері бұл аймаққа соңғы айларда әуе соққыларын беріп келеді. Сәуір айында Пәкістан армиясының басшысы әскери операциялары барысында 60 бейбіт тұрғын құрбан болғаны үшін қоғам алдында кешірім сұраған.
XS
SM
MD
LG