Accessibility links

Ақ үйді МАГАТЭ-нің соңғы баяндамасы алаңдатады


Ресми Вашингтон мәлімдегендей, Иранның ядролық бағдарламасы туралы БҰҰ-ның атом агенттігі – МАГАТЭ-нің соңғы баяндамасы алаңдатып отыр. Баяндамада Теһранның ядролық қару жасау ниетінен әлі де бас тартпауы ықтимал делінген.

Ақ үйдің өкілі Томми Виетор мәлімдегендей, баяндама бойынша Иран өзінің ядролық ізденістерін әрі қарай жалғастыру арқасында ядролық қару жасауға жақындай түсіп, өзінің ядролық бағдарламасы аясындағы халықаралық міндеттемелерін орындаудан бас тартып отыр.

Батыстың баспасөз агенттіктері, өздерінің құпия ақпарат көздерінің мәліметтеріне сүйене отырып, ресми Теһран МАГАТЭ инспекторларын елге жібермей, өзінің ядролық бағдарламасын тергеуге бөгет қойып отырғанын хабарлады.
МАГАТЭ-нің баяндамасында көрсетілгендей, уран байыту бағдарламасын үшінші елге беру туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің талап етуіне қарамастан, Теһран уран шикізатын байытуды жалғастырып отыр.

Иранның МАГАТЭ-дегі өкілі Әли Асгхар Солтание МАГАТЭ-нің баяндамасы дәйекті емес, баяндама агенттіктің беделіне нұқсан келтірді деп есептейді.
XS
SM
MD
LG