Accessibility links

Кремль шешен көсеміне тағы да іздеу жариялады


Шешен сепаратистері көсемдерінің бірі Ахмет Закаевқа тағы да халықаралық іздеу жарияланды.

Ресейдің Бас прокуратурасының өкілі хабарлағандай, сот оны абақтыға жабу туралы сырттай үкім шығарды.

Закаевқа 2001 жылы халықаралық іздеу жарияланған болатын, бірақ прокуратура өкілінің атап көрсетуінше, содан бері Закаевқа тағылған айыптардың қатары едәуір өсе түсті.

Өткен қыркүйек айында Польшаның заң мекемелері Закаевты ұстап беру туралы Ресейдің сұрауын қанағаттандырмады.

Шешен халқының Варшавада өткен дүниежүзілік конгресіне келген кезінде тұтқындалған Закаев сол күні-ақ поляк сотының шешімімен босатылған болатын.
XS
SM
MD
LG