Accessibility links

ТІ-дың есебі бойынша, Сомали ең жемқор ел


Transparency International ұйымының жаңа баяндамасына сәйкес, Ирақ пен Ауғанстан ең жемқор елдердің қатарында.

Штаб-пәтері Берлинде орналасқан халықаралық ұйымның бүкіл дүние жүзі елдеріндегі жемқорлық көрсеткіштері немесе индексі бойынша кезекті жылдық есебінде Сомали - әлемдегі ең жемқор ел болып бағаланды. Ауғанстан жемқорлық индексі бойынша Мьянмамен екінші орынды бөліседі. Үшінші орында Ирақ келеді.

Жаңа Зеландия мен Сингапур - Transparency International ұйымының жылдық есебінде қамтылған 178 елдің ішінен жемқорлық индексі мейлінше аз елдерді бастап тұр.

Америка Құрама Штаттары жемқорлық индексінің 15 жылдық тарихында алғаш рет 20 орыннан 22 орынға түсті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG