Accessibility links

Қазақстан шетелге кеткен ғалымдарды кері қайтармақ


Қазақстанның білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов шетелде жұмыс істеп жатқан 125 ғалымды Қазақстанға қайтаруға ниетті. Бұл туралы ол бүгін парламент сенатының отырысында мәлімдеді.

«Біз бүгін шетелде жұмыс істеп жатқан ғалымдарды, әсіресе, талантты ғалымдарды елге қайтару мәселесін ойласудамыз. Біз ондай ғалымдардың тізімін де жасап қойдық. Олар – 125 адам», - деді Жұмағұлов.

«Біз Қазақстан үкіметінің қарауына әр жылдары әр түрлі себептермен шетелдерде қалып қойған біздің танымал қазақстандық ғалымдарды елге қайтару жөнінде бағдарлама ұсынып отырмыз», - деп нақтылады министр.

Сонымен қатар ол мұндай бағдарлама Ресей мен Қытайда қазірдің өзінде бар екендігін тілге тиек етті.
XS
SM
MD
LG