Accessibility links

Ауғанстандағы жарылыстан 3 адам опат болды


Ауғанстанның шығысындағы Лагман өлкесінде велосипедке тиелген бомба жарылып, 3 қарапайым азамат мерт болды. Сонымен қатар бұл шабуылдан кемінде 25 адам жарақат алды.

Кабулдан 100 шақырым жердегі Мехтарлам қаласындағы шабуыл полиция бекеті жанында болды. Провинциялық әкімнің айтуынша, бұл шабуылдан кейін екінші бомба жарылып, 3 адам жараланған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG