Accessibility links

АҚШ WikiLeaks әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғады


АҚШ құпия құжаттардың қалайша жария болғандығын зерттеу мақсатында қылмыстық іс қозғап отыр. АҚШ үкіметінің өкілі Роберт Гиббстің сөзінше, президент әкімшілігі WikiLeaks интернет-сайтының жариялынымдарына осылайша жауап қайтармақ.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон дүйсенбі күні WikiLeaks сайтының дипломатиялық құпия құжаттарды жариялауын "халықаралық қауымдастыққа жасалған шабуыл" деп атады.

WikiLeaks интернет сайты жексенбі күні кезекті 250 мыңнан аса құпия құжаттарды жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG