Accessibility links

Қазақстанның бірқатар аймағында жолдар жабылды


Қазақстанның бірқатар аймақтарында бораннан бірқатар автожолдар жабылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ауа райының бұзылуына байланысты – қар мен боран – 1 желтоқсан сағат 19.35 Астана-Павлодар автожолында барлық көлік түрі үшін қозғалыс жабылған.

Боранға байланысты дүйсенбінің кешінен Қарағанды облысында барлық бағыттар бойынша тас жолдар жабық.

Павлодар облысында Екібастұз-Астана, Екібастұз-Қарағанды, Павлодар Омск жолдары жабылды.

Жолдардың қашан ашылатындығы жайлы ақпарат жоқ.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG