Accessibility links

Тимошенкодан 11 сағатқа жуық уақыт бойы жауап алынды


Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенкодан 10 сағаттан астам уақыт бойы жауап алынды. "Қызметін асыра пайдаланды" деген айып тағылғанТимошенко бейсенбі күні түн ортасына дейін тергеушілердің сұрақтарына жауап берді.

Украинадағы 2004 жылғы Қызғылт-сары төңкерісінде жетекші тұлғалардың бірі болған әрі өткен жылғы президент сайлауында жеңіліске ұшыраған Тимошенко өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.

Киевтегі АҚШ елшілігі Украинаның бұрынғы үкіметіне қатысты жоғары лауазымды ресми өкілдердің қудалануына байланысты алаңдаушылық танытты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG