Accessibility links

АҚШ-тың жаңа өкілі Ауғанстан мен Пәкістанға барады


АҚШ-тың Ауғанстан және Пәкістан жөніндегі арнайы өкілі қызметіне жаңадан тағайындалған Фрэнк Раджеро осы аптада аталған екі елге сапармен барады.

Оның сапарының мақсаты – «аймақтағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты ақпан айында Вашингтонда АҚШ, Ауғанстан және Пәкістан басшыларының қатысуымен өтетін келіссөздерге дайындық болмақ» деп хабарлады АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Филип Кроули.

Фрэнк Раджеро былтыр желтоқсанда қайтыс болған Ричард Холбруктың орнына тағайындалған.
XS
SM
MD
LG