Accessibility links

АҚШ-та алты адамды атып өлтірді деген күдіктіге айып тағылды


АҚШ билігі 22 жастағы Джеред Ли Лафнерге ресми айып тақты.

Оған сенбі күні Тусон қаласында бір топ адамға қарсы қастандықпен оқ атқан деген айып тағылып отыр. Сол күнгі атыста қаза тапқан алты адамның арасында 9 жасар қыз бен федеральдық судья бар. Қарулы адамның оғынан тағы 13 адам жараланды.

Олардың бірі – АҚШ Конгресінің мүшесі Габриель Гиффордс басынан ауыр жарақаттанды. 40 жастағы конгресмен Гиффордс Тусонда жақтастарымен кездесу өткізіп жатқан.

АҚШ президенті бұл атысты қайғылы жағдай деп атады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG