Accessibility links

Ресей: Иранның ұсынысы ядролық келіссөздің орнын баса алмайды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Иранның ядролық нысандарды көру жөніндегі ұсынысын қарауға болады, бірақ ол халықаралық тексерулердің немесе ядролық келіссөздердің орнын баса алмайды" деп атап көрсетті.

Осы айда Иран Ресей мен Қытайды және Еуропа Одағы төрағасы Венгрияны өзіндегі ядролық нысандарды көріуге шақырған болатын. Иранның даулы ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерге қатысатын АҚШ, Британия, Франция және Германия өкілдері шақырылмады. Бұған дейін Еуропа Одағының ресмилері Иранға бармайтынын айтты. Ал Қытай бұл ұсынысты қабылдамауы мүмкін екенін айтты.
XS
SM
MD
LG