Accessibility links

Джеред Ли Лафнер өзіне тағылған үш айыпты мойындаудан бас тартты


АҚШ-тың Тусон қаласында бір топ адамға қарсы оқ атқан деген айыппен сот алдында жауап беріп отырған 22 жастағы Джеред Ли Лафнер өзіне тағылған айыптардың үшеуін мойындаудан бас тартты.

Атап айтқанда, Джеред Ли Лафнер АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының мүшесі Габриэль Гиффордс пен оның екі көмекшісін өлтіруге әрекет жасағаны үшін өзінің кінәсі жоқтығын мәлімдеді.

Ал Лафнердің әрекеті салдарынан қаза тапқан және жараланған өзге адамдарға қатысты айыптаулар оған кейінірек тағылады.

Қаңтардың 8-і күні Тусондағы атыстан барлығы 6 адам қаза тауып, 13 кісі жараланды. Басынан қатты жараланған Габриэль Гиффордстің денсаулығы қазір аздап оңалып келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG