Accessibility links


Кеше ашылу салтанатын көріп, біраз қуанып қалдық (ТД-дан көрсек те). Ұйымдастыру, спецэффектілер, тарихқа көз жүгірту, оны халыққа жеткізу, билері, шараның тек екі тілде өткені - бәрі-бәрі ұнады. Меніңше, ашылу ерекше болды. Бізде мұндай шаралар алғаш болып тұрған соң да кемшіліктер болған да шығар. Бірақ кемшіліктерге ғана қарамай, жақсы жақтарына да қуана отырайық та.

Негізі, ойым - өзім көрген ойындар туралы жазайын дегенім ғой. Өмірімде ешқандай спорт ойындарын теледидардан көргенім болмаса алаңға барып көрмеппін. Биыл алаңға барып көріп, қолдау көрсетіп, жанкүйер болуға мүмкіндік туып отыр. Сол үшін де Азиадаға рақмет!

Сонымен, 28 қаңтардан бастап мен шайбалы хоккейден әйелдер құрамасының жанкүйеріне айналдым.

Жұмыстан соң бірден Балуан Шолақ спорт сарайына тартып отыратын боп алдым. Бұрын хоккейді кім көрген? Біреулер: «Ой, әйелдер әлсіз, онша болмайды» деген сияқты әңгімелер айтқан. Солардың бәріне сенбеңіздер. Меніңше, «еще как ойын көрсетеді» дегім келді.

28 қаңтар күні Солтүстік Кореямен 3:0 есебімен қазақстандық қыздар алға шықты. Ойын өте тартысты өтті.

29 қаңтарда Оңтүстік Кореямен 11:0 есебімен біздікілер тағы да алға шықты. Негізі, осы күнгі ойын өте тартысты өтті. Жанкүйерлер де көп және өте белсенді болды бәрі. Баннерлер ғана емес ту, барабан алып келгендер де болды. (Бұл күнгі суреттерді кейін қоям, қаз үйде қап қойыпты).

Не болса да бүгінгі ойын өте тартысты болады дейді білгішбектер. Өйткені бүгін жапон қыздарымен ойнайды біздің қыздар. Айтпақшы біздің құрамада 2 қазақ қызы бар: Раушанова Айжан (қақпашы), Нұрғалиева Ғалия деген.

Сөйтіп мен де хоккейдің жанкүйеріне айналдым. Алға, Қазақстан!

12aikon1986.wordpress.com

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG