Accessibility links

Жалалабадта бір топ адам Бәкиевтің туысын босатуды талап етіп жиналды


Сәрсенбі күні Қырғызстанның Жалалабад қаласында 30-ға жуық адам елдің бұрынғы президенті Құрманбек Бәкиевтің туысы Санжар Бәкиевті босатуды талап етіп шеруге жиналды.

Олар ақпанның 1-і күні Санжар Бәкиевтің апелляциялық шағымын қанағаттандырмай тастаған сот шешіміне наразылық білдіріп тұр.

Санжар Бәкиев былтыр мамыр айында Жалалабадта болған тәртіпсіздіктерді ұйымдастырған және заңсыз қару-жарақ сақтаған деген айыппен былтыр қарашаның 2-сі күні сот үкімімен 10 жылға түрмеге кесілген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG