Accessibility links

Пәкістан соты АҚШ азаматын 8 күн қамауда ұстау туралы шешім шығарды


Пәкістан соты екі пәкістандықты өлтірді деп айыпталған америкалық азаматты тергеу аяқталғанша тағы сегіз күн қамауда ұстау туралы шешім шығарды.

АҚШ консулдығының қызметкері Раймонд Дэвис өткен аптада Лахор қаласында екі адамды атып өлтірген соң тұтқындалған болатын. Дэвис әлгі пәкістандықтарды өзін-өзі қорғау үшін атқанын айтады. Осы оқиғаға байланысты Пәкістанда АҚШ-қа қарсы шерулер өтті.

Ресми Вашингтон Раймонд Дэвистің дипломат екенін айтып, оны тезарада босатуға шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG