Accessibility links

«Нұр Отан» партиясы Назарбаевты президент сайлауына ұсынды


Бүгін Астанада ХІІІ съезін өткізген «Нұр Отан» партиясы кезектен тыс президент сайлауына өз көсемі - қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсыну туралы шешімді бірауыздан қабылдады.

Партия атынан сайлауға түсуге келісімін берген Назарбаев «Қазақстан-2030» бағдарламасы және халыққа биылғы жолдауы осы сайлаудағы тұғырнамасы болатынын мәлімдеді.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы сәуірдің 3-і күні өтеді. Осы кезге дейін Орталық сайлау комиссиясына президенттікке үміткер болуға өзін өзі ұсынған төрт азаматтан өтініш түсті.

Кандидаттарды ұсыну ақпанның 20-сына дейін жалғасады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG