Accessibility links

Мейрамкүл Қожағұлова президенттікке үміткерлер қатарынан шығып қалды


Ақтөбе қаласының тұрғыны Мейрамкүл Қожағұлова лингвистикалық комиссияның отырысына келмегендіктен Орталық сайлау комиссиясы оны Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде тіркемеу жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов хабарлады.

Президент сайлауына түскісі келетіні туралы өтінішін Орталық сайлау комиссиясына ақпанның 17-сінде тапсырған 50 жастағы Мейрамкүл Қожағұлова сейсенбі күні мемлекеттік тілден сынақ тапсыруға келмей қалды.

Сәуірдің 3-інде өтетін Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына кандидаттарды тіркеу наурыздың 2-сі күні аяқталады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG