Accessibility links

Алжирде төтенше жағдай тәртібі тоқтатылды


Бейсенбіден бастап Алжирде төтенше жағдай тәртібі жойылғаны туралы ресми шешім күшіне енді.

Ел оппозициясы бұны көптен бері талап еткен. Араб елдеріндегі толқулардан шабыттанған Алжир оппозициясы да көшеге шаққан еді, бірақ полиция күш қолданып, шеруді басып тастады.

Төтенше жағдай тәртібі жойылғанымен, ел астанасында шеру өткізуге әлі тыйым салынған. Сондықтан оппозиция биліктің бұл жолғы шешімін тактикалық қулық деп сынап отыр.

Алжирде төтенше жағдай 1992 жылы енгізілген.
XS
SM
MD
LG