Accessibility links

Ливияда қақтығыстар жалғасып жатыр


Ливияда қақтығыстар жалғасып жатыр, ал бұл уақытта халықаралық қауымдастық бұл елдегі дағдарысқа байланысты қалай жауап беру керектігі мәселесін талқылап жатыр.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі бүгін кешке жиналып, Ливия жетекшісі Муаммар Каддафидің режиміне қарсы шара қолдануы мүмкін. Ливияда Каддафидің 42 жылдық билігін тоқтатуды талап еткен наразылық танытушылар күшпен басып-жаншылуда.

НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Ливиядағы нашарлап бара жатқан жағдайды талқылау үшін жұма күні арнайы жиын өткізуге шақырды.

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі кеңесі режимге қарсы шерушілерге зорлық-зомбылық жасалуына байланысты Ливияны өз құрамынан шығару мәселесін көтеруі мүмкін.

Бенгази мен елдің шығысындағы басқа да қалаларды өз бақылауына алған Каддафидің қарсыластары бүгін ел астанасы Триполиге дейін шеру өткізбекші.
XS
SM
MD
LG