Accessibility links

Гаагадағы сот Каддафиге қатысты тергеу ісін бастады


Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот Ливиядағы Муаммар Каддафи режиміне қатысты «адамзатқа қарсы қылмыс жасады» деген айып бойынша тергеу ісін бастады. Бұл туралы бейсенбі күні халықаралық соттың бас прокуроры Луис Морено Окампо мәлімдеді.

«2011 жылдың 3 наурызында прокурор кеңсесі Ливияда 15 ақпаннан бері адамзатқа қарсы қылмыс жасалып жатқан болуы мүмкін деген мәселе бойынша тергеу ісін бастады», - деді Окампо.

Наурыздың 3-інде Муаммар Каддафиді қолдаушы күштер Ливияның шығысындағы қалаларға тағы да әуеден соққы берген. Мұнай терминалы орналасқан Брега қаласының әуежайына және Аждабия қаласына шабуыл жасалған. Бұл аумақтар - Каддафиге қарсы күштердің бақылауында.

Ливиядағы зорлық-зомбылық әрекеттері Туниспен арадағы шекарада ірі гуманитарлық дағдарыс туғызды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG