Accessibility links

Палестиналықтар елді біріктіруге шақырған шеру өткізді


Бүгін мыңдаған палестиналық Батыс жағалау мен "Хамас" тобының бақылауындағы Газа қаласын қосуға шақырған шерулер өткізді.

"Хамас" өкілінің айтуынша, Газада он мың адам жиналған. Бірнеше мың палестиналық Рамаллада жүріп өткен.

Бұл шерулерді "Фэйсбук" сияқты әлеуметтік желілер арқылы жас белсенділер ұйымдастырып, "Фатх" пен "Хамас" арасындағы бөлінушілікті тоқтатуға шақырған.

Жауынгерлік "Хамас" тобы 2007 жылы Газа қаласын басып алған. Палестина жетекшілігінің "Фатх" қозғалысы Батыс жағалауды басқарады.

Палестинадағы бұл шерулерге Араб елдеріндегі жаппай халықтық толқулар түрткі болған.
XS
SM
MD
LG