Accessibility links

Сирия билігі реформалар жасауға уәде етті


Вашингтон Дераа қаласында шеруге шыққандарға қарсы күш қолданған Сирия билігін сынға алды. Сирияда соңғы күндері қауіпсіздік күштері мен шеруге шыққандар арасында болған қақтығыстарда ондаған адам қаза болғаны туралы хабарланған.

АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс бейсенбі күні Израильге сапары кезінде Сирияға Египетті үлгі етті. Египетте әскерилер жұрттың бейбіт шеруіне бөгет жасамай сырттай бақылап тұрғаны, ақыры Хосни Мүбәрәктің биліктен кеткені мәлім.

Сирияда оппозиция белсенділері елді жұма күні наразылық акцияларына шығуға шақырды.

Сирия президенті Башар Асадтың өкілі бейсенбі күні үкімет бірқатар реформалар өткізуге әзір екенін мәлімдеді. Атап айтқанда, билік елде төтенше жағдай тәртібін жойып, оппозициялық партияларды тіркеу тәртібін жеңілдетуге уәде беріп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG