Accessibility links

АҚШ қаржы министрі ХВҚ басшылығына басқа адам табуды ұсынды


Доминик Стросс-Канн (оң жақта) мен оның адвокаты Бенджамин Брафман (сол жақта) Нью-Йорк сотында. 16 мамыр 2011 ж.
Доминик Стросс-Канн (оң жақта) мен оның адвокаты Бенджамин Брафман (сол жақта) Нью-Йорк сотында. 16 мамыр 2011 ж.
АҚШ қаржы министрі Тимоти Гайтнер Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) директорлар кеңесіне қазіргі уақытта әйел зорламақ болған деген айыппен АҚШ-та қамауда отырған Доминик Стросс-Канның орнына ХВҚ басшысы міндетін атқаратын басқа адамды тағайындауды ұсынды.

Стросс-Кан енді ХВҚ-на басшылық жасайтындай жағдайда емес деп атап көрсетті Гайтнер. Осының қарсаңында Стросс-Канның орнына өзге адамды қою туралы ұсыныстар еуро аймағына енетін елдер қаржы министрлерінің Брюссельде өткен кездесуінде де айтылған еді.

Өткен сенбі күні Нью-Йорк әуежайында ұсталған 62 жастағы Доминик Стросс-Кан қазір сол қаладағы Рикерс-Айленд түрмесінде отыр. Оған Нью-Йорктегі қонақ үйдің қызметші әйелін зорламақ болған деген айып тағылды. Алайда Стросс-Кан өзіне тағылған айыпты мойындамайды.
XS
SM
MD
LG