Accessibility links

«SM market» сауда желісінің күзетшілері 3 айлық жалақыларын төлеуді талап етті


Алматыдағы сауда үйлерінің бірі. Көрнекі сурет.

Алматыдағы сауда үйлерінің бірі. Көрнекі сурет.

Алматыдағы «SM market» сауда-саттық жүйесінде күзетші болып істейтін ондаған адам соңғы үш айдан бергі алмаған жалақыларын төлеуді талап етіп, бүгін дүкендер жүйесінің әкімшілік ғимаратының алдына жиналды деп хабарлады Азаттық тілшісі оқиға орнынан.

- Біз мұнда жалақымызды талап етіп келіп тұрмыз. Ақпан айынан бері бізге еңбекақымызды бермей келеді. Үйдің коммуналдық қызметтері үшін төлей алмай, қарызға белшемнен баттым. Күзетші балалардың көбі пәтер жалдап тұрады. Олардың жағдайы тіптен нашар, - деді Азаттық радиосына күзетшілердің бірі Татьяна Зыкова.

Еңбекақыларын талап етіп келгендерге «SM market» сауда-саттық жүйесінің есеп-қисап бөлімінен қызметкер шығып түсініктеме береді деген соң жиналған жұрт әкімшілік ғимаратында күтіп тұрды.

Алайда оларға бір жарым сағат бойы ешкім шықпаған соң ақыр соңында күзетшілер тарап кетті.
XS
SM
MD
LG