Accessibility links

Депутат Қазақстан парламентін таратуды ұсынды


Депутат Ирақ Елекеев

Депутат Ирақ Елекеев

Мәжіліс депутаты Ирақ Елекеев Қазақстан парламентінің жемқорлықпен күрестегі әрекетсіздігіне байланысты оны таратуды ұсынды.

«Егер біз қабілетcіз болсақ, онда өзіміз тарайық», - деді Елекеев бүгін мәжілістің жалпы отырысында.

Оның пікірінше, "мәселе бюджеттен миллиард долларды әкетуге қатысты болғанда депутаттар өрт сөндіру командасы болуға тиіс". Елекеев бұл мәселені көтеріп, президентке қайырылуды ойластырып жатқанын айтты.

Мамырдың басында Қазақстанның кеден қызметінде жемқорлыққа қатысты дау шыққан болатын.

Қаржы полициясы Қытаймен арадағы шекарада «ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің ұсталғанын» хабарлаған еді. Олардың арасында Ақмола облысы ҰҚК департаменті бастығының орынбасары, «Қорғас» кеден бекетінің басшысы да бар. Осыдан кейін Қазақстан кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрібозов қызметінен босатылды. Сонымен қатар Алматы облыстық кедендік бақылау департаментінің бұрынғы басшысы Құрманбек Артықбаев Қырғызстанда ұсталып, Қазақстанға тапсырылды.
XS
SM
MD
LG