Accessibility links

ХВҚ басшылығына Марченконың кандидатурасы ұсынылды


Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко.

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко.

ТМД елдері үкімет басшыларының кеңесі Халықаралық валюта қорының басшылығына Қазақстан Ұлттық банкі төрағасы Григорий Марченконың кандидатурасын қолдады. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов интернеттегі Twitter парақшасында хабарлады.

Мәсімов мамырдың 19-да Минскідегі ТМД елдерінің отырысында Марченконың кандидатурасын өзі ұсынғанын мәлімдеді.

Бейсенбі күні Халықаралық валюта қоры басшысы Доминик Стросс-Кан отставкаға кетті. Өткен сенбі күні Нью-Йорк әуежайында ұсталған 62 жастағы Доминик Стросс-Кан қазір сол қаладағы Рикерс-Айленд түрмесінде отыр. Оған Нью-Йорктегі "қонақ үйдің қызметші әйелін зорламақ болған" деген айып тағылды.
XS
SM
MD
LG