Accessibility links

Грузия оппозициясы үш күннен бері шеру өткізіп жатыр


Грузия оппозициясының белсенділері.Тбилиси. 22 мамыр. 2011

Грузия оппозициясының белсенділері.Тбилиси. 22 мамыр. 2011

Тбилисиде оппозицияның бірнеше жүз белсендісі үшінші күн қатарынан шеру өткізіп, президент Михаил Саакашвилидің орнынан кетуін талап етіп тұр.

Грузин оппозициясы Саакашвилиді елде өктемшіл билік құрып отыр деп айыптайды. Сенбі күні басталған шеруде 10 мың адам Тбилиси көшесіне шықты. Полиция жексенбі күні көліктерді талқандаған шерушілерді газбен атқылап таратты. Одан кейін тағы 2 мың адам наразылық шарасына жиналып, оппозицияның 300-дей белсендісі қоғамдық телеарна ғимараты жанында түнеп шықты.

Оппозиция жетекшілері шеруді жалғастыруға шақырып отыр. Бірақ кейбір оппозициялық топтар үкіметке қарсы шараға қатысудан бас тартты.
XS
SM
MD
LG