Accessibility links

Amnesty International Қытайды Ішкі Монғолияға қатысты ұстамдылыққа шақырды


Адам құқықтары бойынша Amnesty International ұйымы Қытай билігін ұстамдылыққа шақырып, Ішкі Монғолиядағы этникалық монғолдардың наразылық шарасынан кейін халықты басып жаншымауды сұрады.

Нью-Йорктегі Оңтүстік Моңғолиялық адам құқықтары ақпарат орталығының мәліметінше, полициямен арадағы қақтығыстарда адамдар жараланған.

Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Монғолия автономиялық ауданында бірнеше күннен бері толқулар жалғасып келеді. Билік орындары ол жерге әскерилерді кіргізген. Жергілікті тұрғындар, этникалық монғолдар шопанның өліміне кінәлілердің жазалануын талап етіп отыр. Шопанды көмір тасымалдап жатқан жүк көлігі қағып кеткен. Билік орындары екі күдіктінің тұтқындалғанын хабарлады.

Ішкі Монғолия - Қытайдың көмір қазатын негізгі провинциясы.Бұл автономиялық ауданда тұратын халықтың 20 пайызын монғолдар құрайды.
XS
SM
MD
LG