Accessibility links

Белградта ұлтшылдар шеруі полициямен қақтығыспен аяқталды


Ратко Младичті босатуды талап етіп шыққан серб ұлтшылдары. Белград, 29 мамыр 2011 жыл.
Ратко Младичті босатуды талап етіп шыққан серб ұлтшылдары. Белград, 29 мамыр 2011 жыл.
Жексенбі күні Сербия астанасы Белградта босниялық сербтер армиясының бұрынғы қолбасшысы генерал Ратко Младичті босатуды талап етіп шеру өткізген ұлтшылдар полициямен қақтығысты. Соның салдарынан 26 полицей мен 10 азамат жарақат алған.

Сербия ішкі істер министрі Ивиц Дачичтің айтуынша, Ратко Младичті босатуды талап еткен 111 адам ұсталған.

Сербияның радикалды партиясы ұйымдастырған шеруге жиналған бірнеше мың адамның алдында Ратко Младичтің ұлы Дарко әкесін қорғап сөйлеп, оның денсаулығы дімкәс екендігін айтқан.

Сербия президенті Борис Тадич өткен бейсенбіде Ратко Младичтің қамауға алынғанын хабарлаған еді. 1990-жылдардың ортасында Босниядағы азамат соғысы кезінде «адамзатқа қарсы қылмыс жасаған» деген айып тағылған Ратко Младичті серб билігі Гаага халықаралық трибуналына бергелі отыр.
XS
SM
MD
LG