Accessibility links

«Құқық қорғау орындарындағы коррупция - журналистердің қазасын анықтауға бөгет»


Штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан Журналистерді қорғау комитетінің жаңа баяндамасында әлем елдерінде қастандық құрбаны болған журналистердің қазасын тергеуге құқық қорғау орындарындағы коррупция кедергі жасайтыны айтылған.

Баяндамада әлемнің 13 елінде қастандықпен өлтірілген 251 журналистің қазасы әлі күнге ашылмағаны айтылған. Ирак, Сомали, Колумбия, Филиппин және Шри-Ланка - журналистер үшін ең қауіпті мемлекеттер ретінде аталған. Бұл тізімде Ауғанстан, Бангладеш, Бразилия, Мексика, Непал, Пәкістан, Ресей және Үндістан да бар.

«Қаза болғанға дейін журналистердің көпшілігін қорқытып, қоқан-лоқы жасаған, бірақ олар қорғансыз болған» деп мәлімдеді Журналистерді қорғау комитетінің атқарушы директоры Джоэль Симон.

Джоэль Симон журналистерді қасақана өлтіру «олардың үнін өшіруге тырысқанның белгісі» дейді.

Комитет баяндамасында қасақана өлтірілгендердің көбі жергілікті тілшілер екені айтылады.
XS
SM
MD
LG