Accessibility links

Өзбек соты мұсылман белсенділерін соттады


Бүгін Өзбекстан соты тыйым салынған мұсылман ұйымына мүше болды деген айыппен бірнеше адамды соттады.

Бахтияр Махматов пен Нематилла Сахибов тыйым салынған әсіреисламшыл қозғалыс – «Хизб ут-Тахрир» ұйымына мүше болды деген айыппен жеті жылға бас бостандықтарынан айырылды. Бұл екеуі басқарған топқа қатысы бар деп айыпталған алты адамның әрқайсысы алты жылдан түрмеге кесілді.

Халықаралық адам құқын қорғау ұйымдары Өзбекстан президенті Ислам Каримовты «лаңкестік қаупін алға тартып, елдегі оппозицияны тұқыртып жатыр» деп айыптайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG