Accessibility links

Белоруссия: үнсіз қарсылыққа қатысқандар сотталып жатыр


Беларуссияда жексенбі, шілденің 3-інде үнсіз қарсылық акциясына қатысқандар сотталды.

Дүйсенбі күні кешке 20 адамның 15 күнге қамалғаны белгілі болды. Бұл турасында "Франс Пресс" ақпарат агенттігі хабарлады. Шілденің 5-інде тағы да бірнеше іс қаралмақ.

"Вясна" құқыққорғау ұйымының мәліметінше, Минскідегі жексенбі күнгі қарсылық шарасында 210 адам қамауға алынған. Өзге де қалаларда ұсталғандар саны 180-ге жеткен. Минскіде түрмеде түнеген 140 адам бұзақылық жасады деген айыппен жауапқа тартылып жатыр.
XS
SM
MD
LG