Accessibility links

Америка Ирандағы діни сенім үшін жазалауға алаңдаушылық білдірді


Юсиф Надархани.

Юсиф Надархани.

Америка Иранның адамдарды діни сенімі үшін өлім жазасына кесуі мүмкін екендігіне алаңдаушылық білдірді.

13 жыл бұрын христиан дінін қабылдаған 32 жастағы Юсиф Надархани діни сенімі үшін осындай жазаға кесілетін алғашқы адам болуы ықтимал.

2009 жылы қазанда қамалған оған шариғат негізінде "діннен безді" деген айып тағылып, өлім жазасына кесілді.

Алайда Надарханидің адвокаты Мұхаммад Әли Дадкаш шілденің 3-інде France Presse агенттігіне Иран Жоғарғы сотының үкімді шегергенін хабарлады. Надарханидің ісі өзі тұрған Рашт қаласындағы соттың қарауына берілген.
XS
SM
MD
LG