Accessibility links

Мұхтар Әблязов Ұлыбританияда саяси пана тапты


Қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов

Қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов

БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовқа Ұлыбританияда саяси баспана берілді.

Бұл туралы Лондонның "Гардиан" басылымы сейсенбіде хабарлады. Басылымның мәліметінше, Әблязовтың әйелі мен балаларына да Ұлыбританияда қалуларына рұқсат берілген. Ұлыбритания ішкі істер министрлігі бұған байланысты пікір білдіруден бас тартқан.

2009 жылы ақпан айының басында БТА Банк мемлекет қарамағына өтіп, жұмыстан босатылған Мұхтар Әблязов шетелге кетіп қалған еді. Сол жылы Қазақстанның құқық орындары оған қарсы қылмыстық іс қозғады.
XS
SM
MD
LG