Accessibility links

Құқық қорғаушылар Ресейді Эстемированың өлімін тергеуге шақырды


Журналист әрі құқық қорғаушы Наталья Эстемирова
Журналист әрі құқық қорғаушы Наталья Эстемирова
Адам құқығын қорғаушы топтардың айтуынша, Ресей билігі құқық қорғаушы белсенді Наталья Эстемированың өлімін лайықты түрде тергемеген.

«Амнести Интернэшнл», «Хьюман Райтс Уотч», Норвегиялық Хельсинки комитеті және тағы басқа ұйымдар Эстемированың өліміне екі жыл толуына орай бүгін бірлескен мәлімдеме таратты. Онда полицейлер Эстемированың өліміне жергілікті шенеуніктердің қатысы бар-жоқтығын анықтай алмаған делінген.

Құқық қорғаушылар Эстемированың өліміне қатысты ашық тергеу жүргізуге және кінәлілерді жазалауға шақырды.

"Мемориал" орталығында жұмыс істеген Эстемирова 2009 жылдың шілде айында Шешенстандағы үйі алдында ұрланып, оққа ұшқан болатын. Оның денесі кейінірек Ингушетияда табылды.
XS
SM
MD
LG