Accessibility links

Прокурор Жақсылық Досқалиевке 7 жыл беруді сұрады


Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев сот залында.
Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев сот залында.
Прокурор Тельман Аленов бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке жеті жыл түрме жазасын беріп, мүлкін тәркілеуді ұсынды. Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары ақпарат агенттігі хабарлады.

Экс-министр Жақсылық Досқалиевке өз қызметін пайдаланды, үлкен көлемде пара алды және бюджет қаржысын қалтасына салды деген айыптар тағылған.

Прокурор Аленов мерзіміне қатысты Досқалиевті өз қызметін асыра пайдаланды деген айыптан босатуды сұраған.

Бұл тұста Досқалиевтің адвокаты оның денсаулығын ескеріп, шартты жаза мерзімін ғана беруді сұрап отыр. Жақсылық Досқалиевке сот үкімі ертең шығуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG