Accessibility links

Лондондағы тәртіпсіздіктен жараланғандардың арасында қазақстандықтар жоқ


Ливерпульдегі тәртіпсіздік. 9 тамыз 2011 жыл.

Ливерпульдегі тәртіпсіздік. 9 тамыз 2011 жыл.

Ұлыбританиядағы тәртіпсіздік шараларында жараланғандардың арасында қазақстандықтар жоқ. Бул туралы сәрсенбі күні Қазақстанның сыртқы істер министрлігі консулдық департаментінің директоры Рысқали Дәуренбекке сілтеме жасап, "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі хабарлады.

Рысқали Дәуренбектің айтуынша, Лондондағы қазақтардың басым көпшілігі студенттер болып табылады. Ұлыбританиядағы консулдық есепте шамамен 800-ге жуық қазақстандық тіркелген.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, сенбіде Лондонда басталған тәртіпсіздік және тонау әрекеттері елдің басқа да қалаларына жеткен.
XS
SM
MD
LG