Accessibility links

Ресейдің қаруын экспорттаушы компания Сирияны қарумен қамтамасыз ету жөніндегі келісімді орындай беретінін мәлімдеді.

Осыдан бірнеше күн бұрын АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Ресейді Дамаскіге қару тасымалын тоқтатуға шақырған болатын. "Рособоронэкспорттың" бас директоры Анатолий Исайкин Сирияға санкция енгізілмегендіктен өзара келісіміміздегі міндеттерімізді орындаймыз деп атап көрсетті.

Сирия Ресейден ұшаққа қарсы жүйе мен әскери ұшақтарды және тағы басқа қаруларды сатып алу жөніндегі келісімдерге қол қойған. Кейбір елдер үкіметке қарсы шерушілерді басып-жаншып жатқан Сирияға қару сатылып жатқанын сынады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG