Accessibility links

Байден: Қытаймен ынтымақтастық ғаламдық экономика үшін маңызды


АҚШ пен Қытай вице-президенттерінің кездесуі. Бейжің, 18 тамыз 2011 жыл.

АҚШ пен Қытай вице-президенттерінің кездесуі. Бейжің, 18 тамыз 2011 жыл.

АҚШ вице-президенті Джо Байден өзінің қытайлық әріптесіне ғаламдық экономиканың дамуы үшін АҚШ пен Қытайдың ынтымақтасуы маңызды деп мәлімдеді.

Бейжіңге төрткүндік сапармен кеше барған Джо Байден бүгін Қытай вице-президенті Си Цзиньпинмен кездесті.

Өз кезегінде Си Цзиньпин "ортақ жауапкершілікті" сезініп, ынтымақтастықты нығайтуға шақырды

"Екі ұлы ел елдің қарым-қатынастарын дамыту бағытында біз сізбен жұмыс істегіміз келеді", - деді ол.

Си Цзиньпин келесі жылы Қытай президенті болуы мүмкін делінеді.

Қытай АҚШ үкіметінің бюджеттік дефицитіне байланысты америкалық саясаткерлерді сынаған болатын.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG