Accessibility links

Ливия көтерілісшілері Локкерби террорисін бермейді


Локкерби жарылысы үшін жауапты болған Абдел Бассет әл-Меграхи үкіметке жақын топтардың шеруіне қатысып отыр. 26 шілде. 2011
Локкерби жарылысы үшін жауапты болған Абдел Бассет әл-Меграхи үкіметке жақын топтардың шеруіне қатысып отыр. 26 шілде. 2011
Ливия көтерілісшілері 1988 жылы Локкерби әуежолының ұшағында жарылыс жасауды ұйымдастырды деген айыппен сотталған Абдел Бассет әл-Меграхиді экстрадицияламайтынын айтты.

Ливия ұлттық ауыспалы кеңесінің әділет министрі Мохаммад әл-Алагидің айтуынша, Меграхи осыған дейін сотталған, оған қайтадан үкім шықпайды.
CNN тілшісі Триполиде Меграхиді көргенін, оның өлім аузында жатқанын айтып отыр.

Қауіпті ісік дертіне шалдыққан Меграхи 270 адамның өмірін қиған Локкерби шабуылдары үшін Шотландияда сегіз жыл түрмеде отырып шыққан. Дәрігерлер оның аз уақыт өмірі қалды деген соң, ол 2009 жылы босатылған.
XS
SM
MD
LG