Accessibility links

Медведев Дума сайлауын 4 желтоқсанға белгіледі


Ресейдің Мемлекеттік Думасының ғимараты.

Ресейдің Мемлекеттік Думасының ғимараты.

Ресей президенті Дмитрий Медведев Мемлекеттік Дума сайлауын 4 желтоқсанға белгілеген қаулыға қол қойды. Ресейде тіркелген жеті саяси партия бұл сайлауға түспекші.

Премьер-министр Владимир Путин жеткшілік ететін "Единая Россия" партиясы 450 орындық парламентте басымдық сақтап қалуды көздейді.

Биліктің бұл партиясы жылдық конгресін қыркүйек айының 23-24-не белгілеп отыр. Дума сайлауы президент сайлауына үш ай қалғанда болады.
XS
SM
MD
LG