Accessibility links

Каддафи күштері көтерілісшілер ультиматумын қабылдамады


Муаммар Каддафидің өкілі Мұса Ибрагим. Триполи, 31 наурыз 2011 ж.
Муаммар Каддафидің өкілі Мұса Ибрагим. Триполи, 31 наурыз 2011 ж.
Ливия жетекшісі Муаммар Каддафидің жақтайтын күштер көтерілісшілердің талабын қабылдамайды. Бұл туралы Каддафидің өкілі Мұса Ибрагим мәлімдеді.

Сейсенбі күні Ливия көтерілісшілері Муаммар Каддафиді қолдайтын күштерге қыркүйектің 3-іне дейін қару-жарақты тапсырып, ұрыссыз берілу туралы ультиматум қойған еді. Оған көнбеген жағдайда көтерілісшілер «әскери күш қолданылады» деп ескертті.

Сонымен қатар, Ұлттық өтпелі кеңестің жетекшісі Мұстафа Абдул Жалил жасырынып жүрген Каддафидің қайда екендігі туралы ақпарат көтерілісшілерге белгілі деп мәлімдеген. Бұған дейін Муаммар Каддафидің әйелі мен үш баласының Алжирге қашып кеткендігі белгілі болған еді.
XS
SM
MD
LG