Accessibility links

Ахмадинежад Тәжікстандағы сапарында Батысты сынады


Иран президенті Тәжікстанға сапары алдында Тегеран әуежайында баспасөз мәслихатын өткізді. 4 қыркүйек, 2011

Иран президенті Тәжікстанға сапары алдында Тегеран әуежайында баспасөз мәслихатын өткізді. 4 қыркүйек, 2011

Иран президенті Махмуд Ахмадинежад әлемнің ықпалды елдерін Азия мен Африка елдерінің ішкі ісіне араласып жатыр деп айыптады. Ол бұл пікірін Тәжікстандағы су электр стансасының ашылуында айтты.

Ахмадинежад тәжікстандық әріптесі Эмомали Рахмонмен бірге "Сантуга-2" су электр стансасын ашқан болатын. Иран бұл зауыттың құрылысына 180 миллион доллар салған, ал Тәжікстан оның құрылысына бар-жоғы 40 миллион доллар салғандықтан оған бақылауды 12 жылдан кейін ғана ала алады.

Душанбеден 150 шақырымдай жердегі Вахш өзенінде салынған су электр стансасы Тәжікстанның энергия тапшылығын шешуге көмектеседі деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG