Accessibility links

Каддафи елдегі алтынның 20 пайызын сатып жіберген


Ливия орталық банкінің басшысы Қассим Аззуз.

Ливия орталық банкінің басшысы Қассим Аззуз.

Ливия орталық банкінің жаңа билігі бұрынғы режим елдегі толқулар кезінде алтын қорының 20 пайызын жалақы ретінде төлеген деп мәлімдеді.

Орталық банк басшысы Қассим Аззуз бүгін Триполидегі журналистерге, Каддафи билігі ақша болмағандықтан сәуір айында жергілікті саудагерлерге 29 тонна алтынды сатып жіберген деді.

Ливияның алтын қоры 145 тонна болған. Сонымен қатар ол қазірде банктегі құнды қағаздар 115 миллиард доллар көлемінде екенін, оның 90 миллиард доллары шетелде екенін айтты.
XS
SM
MD
LG